Арнаулы орталықта Зульфия Габидуллинамен кездесу өтті

0 1

Қазан айының 1-ші жұлдызында «№51 Бәйтерек бастауыш партия ұйымының» ұйымдастыруымен «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында» Мексикада жүзуден мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен жарыстың жүлдегері, «Белгілі спортшы, 2016 жылы өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллинамен кездесу өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

50 метр қашықтыққа еркін стильде жүзу бойынша бірінші орынды жеңіп алған Зульфия Габидуллина өзінің жетістіктері мен спорттың адам өміріне пайдасы зор екендігін айтып, өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, Зульфия Халықаралық Паралимпиада комитетінен 2017 жылғы Бүкіләлемдік жеңістер сериясы үшін арнайы наградаға ие болғандығын мақтанышпен айтып өтті. Республикалық дәрежедегі кез-келген жарыстардың алдыңғы қатарында жүретін, кеше ғана 2018 жылдың сәуір айында Санкт-Петербург қаласында өткен шағын футболдан европалық турнирде 2-ші орынды иеленіп келген Орталық қызмет алушыларынан құралған футболшыларымыз Зульфия ханыммен өткен кездесуде барынша қызығушылық танытып, көптеген сұрақтардың жауабын алды.

Габидуллина өмірдің қатал сыңына ешқашан мойымай тек алға қарай ұмтылу керектігін айтып, сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.