Ертең 4 облыста жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады

0 0

Дүйсенбі ауа райына қатысты еліміздің 4 облысы бойынша ескерту жарияланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 15 қазанда дүйсенбі күні Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда облыстарында ауа райы күрт құбылады.

15-16 қазанда Ақмола облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Сондай-ақ, Астана қаласында 15-16 қазанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Ал, 15 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

15 қазанда күндіз, 16 қазанда түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында ол 30 м/с асып кетуі ықтимал.

Сондай-ақ, Тараз қаласында 15 қазанда күндіз, 16 қазанда түнде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, кей уақытта 23-28 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 15 қазанда таңертең және күндіз, 16 қазанда түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, 15-17 қазанда тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.