Тараздағы Әблязов сотына ҰҚК экс-басшысы Дүтбаев жеткізілді

0 0

Мұхтар Әблязовқа қатысты Таразда өтіп жатқан сотқа ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев тартылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгін жалпы үш куәгерден көрсетпе алынады. Таяуда куәгер Мұхтар Әблязов пен Ержан Тәтішев арасындағы жаугершілік жайлы айтып берген еді.

Айта кетейік, сот сотталушысыз өтіп жатыр. Бас прокуратураның мәліметінше, Мұхтар Әблязов 2004 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан шыққанан кейін төрт миллион долларға Тоқмәдиді жалдап, «Банк ТуранӘлем» АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті осы банкке иелік ету үшін өлтіруге тапсырыс берген деп айыпталып жатыр.

Әблязовқа қатысты іс Жамбыл облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатыр.

Дереккөз:  Tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.