Таразда қала күніне тарту ретінде ең ұзын субұрқақ ашылды

0 4

Еліміздегі ең ұзын және ерекше субұрқақ Тараз қаласында ашылды. Қала күні қарсаңында көне шаһар тұрғындарына тамаша тарту болған 220 метрлік субұрқағы «Желтоқсан толқыны»  аллеясыда орналасқан, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бұлақ боп атқылаған «Желтоқсан толқыны» субұрқағының ұзындығы – 220 метр. Алғашқы толқыны 86 деген монументальды мафтан басталады.

Субұрқақтың 2 жағында пырақтың, 14 дана барыстың және самұрықтың мүсіндері орналасқан. Толқындар субұрқақтың соңына жетіп, кері қайтқанда Тәуелсіздікті белгілейтін күн мен бүркіттің бейнесіне айналып, Егемендікке ұласады.

Субұрқақ ақ мәр-мәр тастан жасалған. Ал, «Желтоқсан толқыны» аллеясының аумағы 0,5 гектар, ені — 20 м. ұзындығы — 240 м. Құны — 284 млн. теңгені құрайды

Leave A Reply

Your email address will not be published.