Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде Интернет не үшін бұғатталатынын түсіндірді

0 0

ҚР ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев үкімет отырысынан кейін журналистерге төтенше жағдай кезінде не үшін Интернет бұғатталатынын түсіндірді, — деп хабарлайды «ZhambуlNews» Ақпараттық Агенттігі Today.kz -ке сілтеме жасап.

— Әлдебір табиғат апаты кезінде төрт мемлекеттік орган (Бас прокуратура, қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ, – ред.) шұғыл түрде байланысты бұғаттап тастауға құқылы. Бұл шу болмас үшін қажет шығар. Осынау мемлекеттік органдардың құрамына кірмейміз, мен кеңес алуға, нақты ақпаратты біліп, оны сіздерге айтып беруге дайынмын. Бұл жерде жарлық жарияланатындықтан ешқандай құпия емес екенін түсінулеріңіз керек. Бұл мәселеде қатаң логика көрініс табады, – деді министр. 

Ақпарат және байланыс министрлігі Қазақстанда тыйым салынған контентті бұғаттай алады. Абаевтың сөзінше, зорлық-зомбылықты, экстремизмді, терроризмді насихаттайтын контенттерге елімізде жол жоқ.

Министр бұғаттау халық арасында шу тұрып кетпеуі үшін керектігін мәлімдеді. Оның сөзінше, байланысты қала бойынша немесе өңір бойынша бұғаттау техникалық тұрғыдан әбден мүмкін.

Айта кетейік, әлдебір төтенше жағдай туғанда Қазақстанда Интернетті енді Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі және қорғаныс министрлігі бұғаттай алады. Сәйкес құжат 28 қазанда күшіне енді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.