Ғалымдар жылдам салмақ тастауға не көмектесетінін айтты

0
181

АҚШ ғалымдары күнделікті салмақты өлшеу арықтауға көмектесетінін дәлелдеді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Зерттеуге мыңнан астам адам қатысты. Ғалымдар бір жыл бойы еріктілер қаншалықты жиі салмақ өлшегенін, сондай-ақ олардың салмағындағы өзгерістерді жазып отырды.

Қатысушылар арасында тұрақты өлшенгендер де, мұны өздігінен ешқашан жасамағандар да болды. Өлшену жиілігіне байланысты зерттеушілер сыналатын адамдарды бірнеше топқа бөлді.

Бір жыл ішінде аптасына бір реттен көп өлшенбегендер еш өзгеріссіз қалса, ал аптасына алты-жеті рет өлшенгендер салмақ тастағаны анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында ғалымдар сынақтан өткен адамдарға тамақтану немесе жаттығу жасау бойынша ешқандай ұсыныс бермеді.

Ғалымдардың пікірінше, зерттеудің нәтижесі дене салмағының өзгеруін өздігінен бақылау едәуір тиімді арықтауда негізгі рөл атқаратынын көрсетіп отыр.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here