Сарысуда бокстан турнир өтті

0 6

Сарысу ауданында КСРО, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сарысу ауданының құрметті азаматы Серік Өмірбековтің жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасында III- республикалық турнир өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Турнирге Қызылорда облысы, Арыс қаласы, Түркістан облысы, Тараз қаласы, Т.Рұсқұлов, Талас, Сарысу аудандарынан 188-ден астам спортшы бақ сынады.

4 күнге созылған байрақты бәсекенің нәтижесінде сарысулық Тоқберген Бекзат I-орын, Жуалыдан келген Әділбек Әбдімәлік II- орын, ал III-орынды Қаратау қаласының тумасы Атахан Дарын еншіледі.

Басқа спортшылардың да қоржыны бос қайтқан жоқ. Жүлделі орыннан көрінгендердің барлығы арнайы сыйлықтарға ие болды.

Ауданда спортпен шұғылданушы жастарға барлық жағдай жасалған. Нәтижесінде, спортпен тұрақты түрде шұғылданатындар қатары көбеюде. Мұның барлығы халықтың салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұлт қалыптастыруға жол ашады, — деді аудан әкімі Балабек Нарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.