Тараз қаласында 462 га жер телімінде жаңа екі мөлтек ауданның құрылысы жүргізілуде — Асқар Мырзахметов

0 6

— Тараз қаласында қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаңа екі мөлтек ауданның құрылысы басталды. Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, пайдалануға тапсырылатын болады, — деді «Орталық коммуникациялар қызметі»  алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Облыс басшысының айтуынша,  Тараз қаласында 686 пәтер  «7-20-25» бағдарламасы аясында азаматтарға ұсыну үшін дайын.

«7-20-25»кредиттеу бағдарламасы аясында әкімдік пен Ұлттық банкінің филиалы, бағдарламаға қатысушы банктер арасында бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген.

Облыста бір пәтерге ең жоғарғы заем сомасы орта есеппен 12,0 млн. теңге болса, бір айға төлемақысы 85 мың теңге, ал ең төменгі 5 млн.теңге несиеге айлық төлемақы 35 мың теңгені құрайды. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалында бүгінде 44648 салымшыдан 10 млрд. теңге жиналды. Ипотекалық несиенің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артты.

Жалпы, 10 айда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалы арқылы 5,7млрд. теңгені құрайтын 768 несие берілді.«7-20-25» бағдарламасының шарттарымен екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 284,5 млн. теңгеге 34 өтініш қолдау тапты.

Келесі жылға 465 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. Жоспарда бюджет есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үйдің және 6 жаңа алқаптың инженерлік инфрақұрылымның құрылыстары бар. Соның ішінде, 20 үйді  «7-20-25» бағдарлама аясында тұрғындарға беру көзделіп отыр.

Биылғы жылға 720 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй құрылысын бастауға бағалы қағаздар есебінен қосымша 725 млн.теңге бөлінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.