Техникалық паспорттарды ауыстыру осы жылдың 1 желтоқсанынан басталады және кезең-кезеңімен жүргізіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қол қойылған бұйрықта көрсетілгендей, қажет болған жағдайда қажетті ақпараттың тізімі өзгертіліп, толықтырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, құжатта бұйрық күшіне енгенге дейін берілген бұрынғы техникалық паспорт күшін жоймай, жаңа тіркеу куәліктерімен бірге пайдаланыла беретіні аталып өткен. Ол автокөлікті сатып алу немесе сату және оны қайта тіркеу процесі кезінде ғана алмастырылады.