Облыста «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» түлектеріне сертификаттар табысталды

0 1

Бүгін Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» түлектеріне сертификат тапсыру рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шара Елбасының «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасында көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппарат құру және мемлекеттік қызметке кіруге ниет білдірген жастарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында жүзеге асып отыр.

Сондай-ақ, аталған жоба бойынша  қатысушылар бір апталық тегін оқыту кезеңінен өтіп, топ-тобымен оқытылды. Атап айтқанда, I кезеңде 21 жастағылар бір апталықта, II кезеңде ағымдағы жылдың 5-9 қарашасында 27 жасар азаматтар оқытылды.

Жиын соңында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Сабыр Әшірбайұлы бітірушілерге сертификаттарын табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.