ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Сәуле» кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты

0 9

Тараз қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның бірі  «Сәуле» кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Жылына 2100 тонна өнім өндіретін фабрика басшысы Сәуле Жаңабекова зауыттың жұмысы, тыныс-тіршілігі  туралы жан-жақты ақпарат берді. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд теңгені құраған.

Облыс орталығында орналасқан кәсіпорын жылына 2160 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Кәсіпкер 2016-2017 жылдар аралығында жабдық сатып алуға және коммерциялық жылжымайтын мүлікті қайта жаңартып, вафли өндіретін желі сатып алу үшін мемлекеттік бағдарлама аясында несие алған. Кондитерлік өндіріс цехы негізінген вафли түрлерін шығарумен айналысады.

Максим Лишишен, «Сәуле» кондитерлік фабрикасының бас технологы:

— Өткен жылы, яғни 2017-ші жылы фабриканың негізгі бөлігі іске қосылды. Қазіргі таңда мұнда вафлидің түр-түрі шығарылады. Олардың саны шамамен отыздан асады. Осы жылы фабриканың екінші бөлігінде монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 30-дан астам жұмысшылар еңбек етеді. Ал, үстіміздегі жылы 100 адамға дейін жұмыс орнын ашамыз деп жоспарлап отырмыз.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы  қомақты қаржыға несие алып, жұмысын жандандырып отырған кәсіпорын өңір экономикасын арттыруға өз үлесін тигізуде.

Айта кетейік, Премьер-Министр жұмыс сапары барысында бірнеше өндіріс орындары мен білім беру, денсаулық сақтау нысандарын аралайды деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.