ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Тараз қаласындағы жұмыспен қамту орталығына барды

0 1

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыспен қамту орталығында болып, ондағы жұмыс бағыттарымен танысты. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмыс атқарып келе жатқан мекеме барлық  қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Бақытжан Әбдірұлына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков өңірдегі жұмыспен қамту шараларының жүзеге асуы, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы  және шағын несие беру мен осы орайдағы кездесіп отырған түйіткілді мәселелерді баяндап өтті.

Осыдан бір жыл бұрын Жамбыл облысындағы  экономикалық тұрғыдан белсенді 543 мың халықтың  222 мыңы, яғни 44,6 пайызы ғана   өзін өзі жұмыспен қамтамасыз еткендердің қатарында болып, бұл Елбасының өңірге сапары кезінде сынға ұшыраған болатын. Қазір көрсеткіш бір жылдың көлемінде нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 178 мың адамға түсіп отыр. Жергілікті атқарушы билік мұндай нәтижеге  мемлекеттік кіріс департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен еңбек инспекциясы өкілдерін тарту арқылы қол жеткізген. Сол кезде сын тезіне түскен тағы бір жағдай, осы 222 мыңның ішіндегі 81600-ы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандығы  болатын. Бұл азаматтардың мәселесімен  арнайы комиссия айналысып,   жергілікті бюджеттен нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес, 10 млрд теңге қаржы бөлініп, көрсеткіш  10800-ге азайыпты. Осы секілді атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, бүгінде Жамбыл облысы жұмыссыздықпен күресуде республикалық көрсеткіште төртінші сатыға көтеріліп отыр.

Бекболат Орынбеков сондай-ақ, Премьер-Министрге кездесіп отырған күрделі мәселені де жария етті. 1 млн 117 мың халқы бар Жамбыл облысы бағдарламаның екінші бағыты бойынша микрокредит беруге жергілікті бюджеттен 1,5 млн теңге бөліп отыр. Бұл қаражаттар ауыл шаруашылығын қолдау қоры, агрокредит корпорациясы мен «Даму» қоры арқылы бөлінген. Бұлардың ішіндегі ең тиімді болып отырғаны «Ауылшаруашылығын қолдау қоры». Сондықтан, Үкімет басындағыларға осы механизимді қайта қайтарса, дейді жергілікті билік. Себебі, екінші деңгейлі банктердің қоятын талаптары тым жоғары.

Тағы бір мәселе. Үкімет  біздің аймаққа бағдарламаның бірінші бағыты  бойынша 4100  адамды оқыту жөнінде жоспар белгілеп отыр. Ол үшін 1 млрд. 250 млн. теңге бөлінген.  Қазір 3000 адам оқытылды. Жыл соңына дейін жоспар 100 пайызға орындалады, — деді Орынбеков.

Бірақ  осы қысқа мерзімді курстарда оқып шыққан азаматтарды жұмысқа орналастыру өзекті. Сол себепті әкімдіктегілер еңбек нарығында бәсекеге қабылетті болу үшін  сұраныс бар мамандықты ғана оқытсақ деп отыр.

Премьер-министрге сондай-ақ, Жамбыл облысындағы электронды еңбек биржасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы таныстырылды. Қазіргі таңда орталық «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында электронды қызмет көрсетуге көшкен. Жұмыссыз азаматтардың құжаттарын, түйіндемесін тіркеуге  осындағы өз өзіне қызмет көрсету аймағындағы маман жәрдемдеседі.  Электронды еңбек биржасына тіркелген жұмыс берушілер де жұмыс орындарында отырып-ақ,  өзіне қажетті маманға сұраныс бере алады. Бекітілген  іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жылы ЖО-ғы 905 жұмыс беруші,  жұмыс іздеген 1566 адам  өздері туралы мәліметтерді е-порталға салыпты. Нәтижесі 173,1 пайыз. Бұл жөнінен Жамбыл облысы республикада көш бастап тұр.  Өңірде жұмыс берушілер саны 73 пайызға өссе, қызмет алу уақыты 20 пайызға қысқарған. Тағы бір айта кетерлігі, жұмыспен қамту орталығында осындай электронды қызмет түрлері енуіне байланысты мұндағы жұмысшылар саны да қысқартылып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.