Байзақ ауданында журналистер арасында облыстық шағын футбол турнирі өтті

0 10

Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен Байзақ ауданы әкімінің кубогы үшін жас журналистер арасында шағын футболдан облыстық турнирі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Турнир жас журналистер арасында әpiптестік және достық қарым-қатынасты нығайту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Аталған шараға облыс журналистерінен құралған 6 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Жамбыл TV» командасы жеңіп алды.

Ал, жүлделі ІІ орын «Тараз-PRESS» командасына бұйырса, ІІІ орынды «Байзақ-PRESS» командасы иеленді. Ал, турнирдің үздік ойыншысы болып «Жамбыл TV» құрамасының шабуылшысы Шерхан Мұратұлы атанды.

Жеңімпаздар дәрежелеріне сай дипломдар мен кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.