Жамбылдық спортшылар бокстан ҚР чемпионатында ІІІ орынды иеленді

0 0

Ағымдағы жылдың 12-18 қараша аралығында Ақтау қаласында ерлер арасында өткен бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында жамбылдық команда ІІІ орынды иеленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Біріншілікке қатысушылар арасында танымал боксшылардан әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев, Азия ойындары мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл, Рио Олимпиадасының күміс медаль иегері Василий Левит, Азиада жүлдегері Асланбек Шымбергенов, Теміртас Жүсіпов, Бекдәулет Ибрагимов, Зәкір Сафиуллиндер болды. Аталған чемпионатқа Жамбыл облысынан 15 спортшы қатысты.

Атап айтсақ, 75 кг салмақ дәрежесінде Әбілхан Аманқұл І-орын және Аман Қазанғапов ІІІ-орын, 69 кг салмақ дәрежесінде Асланбек Шымбергенов ІІ-орын, 49 кг салмақ дәрежесінде Ермек Мадиев ІІ-орын сондай-ақ, 56 кг салмақ дәрежесінде Жанболат Қыдырбаев ІІІ-орынды иеленді.

Сонымен қатар, Әбілхан Аманқұл чемпионаттың «Ең үздік боксшысы» атанды. Ал, жалпы командалық есепте: ОҚО – І орын, Маңғыстау облысы – ІІ орын, ал, Жамбыл облысы — ІІІ орынды иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.