Мойынқұм аудандық өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күні» өтті

0 4

Мойынқұм аудандық өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күні» өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі xабарлайды.

Аталған іс-шара аудандағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларын ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау институтына оқуға түсуге және қызығушылықты арттыру, үміткерлерді жасақтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Кездесуде аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшысы АҚ капитаны Мадияр Исаев оқушыларды бөлімнің тарихымен таныстырып, Мойынқұм ауданына жергілікті кадр резерві жетіспейтіндігін айтып, оқушыларға оқуға түсу жолдарын түсіндірді.
Сонымен бірге, Көкшетау техникалық интитутының тыныс-тіршілігіне тоқталып өтті.

Өткізілген шара барысында оқушылар бөлімдегі өрт сөндіру автокөліктері мен өрт сөндіру техникалық жарақтарымен етене танысып, офицерлік құрамның нысандық үлгілерін көрді.

Айта кетейік, ашық есік күніне аталған мектептен 50-ге жуық оқушы қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.