Өңірде жазушы Несіпбек Дәутайұлымен кездесу өтті

0 2

Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен Қазақстан жазушылары Одағының мүшесі, «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы, жазушы Несіпбек Дәутайұлымен кездесу өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Шара барысында Несіпбек Дәутайұлы Қазақ халқының шығу тегінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі тарихты және Егемен еліміздің жастарының жарқын болашағы жолында жасалып жатқан игі істер туралы сөз етті.

Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы туралы жастарға үгіт насихатын жеткізді.

Кездесу кешіне Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры Хамит Есаман, Арай газетінің директор орынбасары Тұрсынбек Сұлтанбеков, журналист Нұрым Сырғабай, ақын-журналист Арайлы Жақсылық және студенттер қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.