Байзақ ауданы Тараз қаласына «Адал жол» марафонын жолдады

0 6

Байзақ ауданы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен  «Адал жол» марафонын Таразға жолдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

9 қарашадан бастау алған «Адал жол» марафонының негізгі міндеттеріне сәйкес 2018 жылдың қараша айында Байзақ ауданында өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, 18 ауылдық округтер мен мемлекеттік мекемелер тартылды.

Түрлі бағыттағы 48 іс-шара ұйымдастырылып, оған 2300 адам қатысты. Марафон-эстафетасының қорытынды шарасы аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде болып өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мақсұт Нәлібаев қатысты.

Айта кетейік, «Жемқорлыққа жол жоқ» деген ұранмен марафонның өту үлгісімен дайындалған эстафеталық кітапты Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дәулетов Дәуір Рысбайұлы Тараз қаласына табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.