Тараздағы тоғызқұмалақ турнирінде қызылордалықтар топ жарды

0 1

Ағымдағы жылдың 27-28 қараша күндері «Тараз Арена» спорт сарайында жасөспірімдер арасында командалық «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынынан Жамбыл облысының ашық турнирі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бұл доданы өткізудің негізгі мақсаты — «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, ұлттық «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойын түрін халықтық, бұқаралық спорт түріне айналдыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.

Жарысқа республикамыздың Қызылорда облысы, Шиелі ауданынан және Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 80 спортшы қатысты.

Сондай-ақ, қорытынды бойынша Қызылорда облысынан келген қонақтар  топ жарып, I орынға ие болды. Ал Қордай ауданынан келген команда II орын алса, III орынға Меркі ауданы жайғасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.