Қазақстандық Бішкек маңында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді

0 3

Бішкек маңында қазақстандық нөмірмен жүрген жүк көлігінің жүргізушісі мектептен қайтып бара жатқан 1-сынып оқушысын қағып өлтірді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Шу облысының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 5 желтоқсанда күндізгі уақытта Ленин ауылы Бішкек — Қордай тасжолында болған.

«Қыз жолдың шетінде аялдама жақта тұрған. Оны өтіп бара жатқан жүк көлігі қағып кетті. Бала оқиға орнында қаза болды», — деп хабарлады милициядағылар.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің қыз баланы 20-30 метр жерге ұшырып жібергенін айтады. Басылымның мәліметінше, ер адам оқиға орнынан жасырынбақ болған, алайда оны кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын инспекция қызметкері ұстаған.

Жүк көлігінің тізгінінде Қазақстан азаматы болған. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.