Бұқалар неге қызыл түсті жек көреді?

0 12

Негізінде бұқалар киімнің әлде матаның түсіне емес, сіздің тәртібіңізге қарай әрекет жасайды. Біреу қашса, оны қуу керек. Бұл – олардың психологиясына сіңіп қалған қағида. Бұқа түсті ажырата алмайды, ол үшін әлемде тек ақ пен қара түс қана бар. Сондықтан қызыл киіммен жүрсіз бе, сары киім кидіңіз бе – бұқаға бәрібір. Олар жай ғана өзін ызаландырғанды ұнатпайды. Бірақ ақ түс ашық болғандықтан әлдеқайда назарын аудартады. Ал қызыл түс бұқаға емес, адамның өзіне «әсер етеді». Ал Корридода матадор денесі жарақаттанып, қанаса, ол байқалмауы үшін қызыл түс қолданады екен.

Бұқа туралы басқа да қызықты деректерді біле отырайық.

Олар да адам сияқты, сиырлары 20 жыл, кейде 35 жыл жасайды, ал бұқалар небары 15-20 жыл өмір сүреді.

Егерде таразының бір басына жер шарындағы бүкіл адамды жинап, екінші басына әлемдегі барлық бұқа мен сиырды қоятын болсақ, олар адамнан үш есе ауыр тартады.

Бұқа жұлдыз жорамалда да бар, оны торпақ деп атайды.

Дереккөз: Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.