Қазақстандық әскери қызметшілер Азия чемпионатынан жүлде алып қайтты

0 0

Қытайда спорттық бағдарлаудан Азияның VI чемпионаты өз мәресіне жетті. Онда Армия орталық спорт клубының спортшылары қола жүлдегерлер атанды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайысқа 11 елден 300-ден аса спортшы қатысты. Қатысушыларға спорттық карта және компастың көмегімен барынша қысқа уақытта жүріп өтілген жерде орналасқан бақылау пункттері арқылы таныс емес тасжолдан өту қажет болды. Нәтижелер жиналған ұпайлар саны бойынша анықталды.

Сайыс қорытындылары бойынша армиялық спортшылар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері капитан Денис Власов пен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Виталий Лукашевич қола жүлдегер атанды. Өткен турнир рейтингтік болып табылатынын айта кету қажет. Оның қорытындысы бойынша максималды ұпай санын жинаған жеңімпаздар мен жүлдегерлер биылғы жылдың тамызының 13-і мен 17-і аралығында Норвегияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.