Облыстың өткен жылы МСҚ қорына түскен жарна көлемі жалпы түсімнің 2,91% құрады

0
20

2018 жылы Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 133 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде Жамбыл облысынан түскен жарна көлемі жалпы түсімнің 2,91% құрады. Бұл туралы “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Өткен жылдың желтоқсан айында МСҚ 10,4 млрд. теңгеден астам жарна түсті. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд теңгені құрады.

Оның 124,3 млрд. теңгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд. теңге (6,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Ал аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан әдеттегідей  Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Айта кетейік, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here