Қызықты фактілер

0
49

Назарларыңызға 15 қызықты фактілерді ұсынамыз:

1. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мейрамханалардың 90%-ы ашылғандарына 1 жыл толмай жатып жабылады екен.

2. Жұмыстың өнімділігі сейсенбі күні артады.

3. Күн сайын жер бетінде жаңадан 33 тауар жасалады. Олардың 13-і ойыншық.

4. Әр күні шамамен 65 адам миллионер атанады.

5. Жер бетінде бензиннен кейінгі ең өтімді тауар – кофе.

6. Әлемдегі 80% ойыншық Қытайда жасалып шыққан.

7. Кез келген мемлекетте McDonalds компаниясының басты табыс көзі – сусындар.

8. “Ақылды дүкендер” ойыншықтарды еденге жақын сөрелерге қояды.

9. Миллионерлердің 20%-ы ЖОО-да білім алмаған.

10. «American Airlines» компаниясы бизнес кластағы жолаушылардың тағамынан зәйтүнді алып тастау арқылы 40 000 доллар ақша үнемдеген.

11. Сауда үйлерінің ішінде аңқып тұратын хош иістер – жасанды. Оларды ауа ароматизаторларының көмегімен жасайды. Олардың келушілерді сауда жасауға итермелейтін қасиеті бар.

12. Әдетте фаст фуд желілерінде жылдам ырғақты әуендер қосылып қойылады. Адамдар бұндай әуенді естіген кезде тағамдарын жылдам жейді екен. Осылайша іштегі орындар тез босайды.

13. 1998 жылы Ларри Пейдж бен Сергей Брин 1 миллиард доллар ақшаға Google-ды Yahoo компаниясына сатпақ болған. Алайда Yahoo компаниясы бұл ұсыныстан бас тартқан екен. Осы оқиғадан кейін 7 жыл өткен соң Google бағасы 80 миллиард долларға дейін көтерілген. Ал жылдық табысы 1,5 миллиард болған.

14. 20 ғасырда кәсіпорын иесі Николай Шустов жаңа коньяк ойлап тапқан. Оны өткізу үшін жастарды жинап, трактирлерде «Шустов коньягін» сұратқан. Артынша оны жоқ деген кезде шу шығаратын болған. Осылайша Николайдың конягі үлкен сұранысқа ие болған.

15. Жарнамалық қызметтердің жылдық ақша айналымы жарты триллион доллар. Ал салыстырмалы түрде жер бетіндегі табак өнімдерінің айналымын алар болсақ, олардың жылдық ақша айналымы небары 400 миллиард доллар.

Дереккөз: Massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here