Ұялы телефондардың зияны: көзге қауіпті екені дәлелденді

0 2

Толидо университетінің америкалық ғалымдары заманауи телефондардың экрандарынан шығатын көк жарықтың көру қабілетінен айырылуға себеп болатынын анықтады.

Ғалымдардың тұжырымдамасына сүйенсек, ұялы телефондардың экранынынан шығатын дәл көк жарық адамдарды көру қабілетінен айырады екен. Бұған тор жасушаларынының құрамындағы химиялық заттың, яғни торлы қабықтың уытты заттар шығаратын түрі себеп болады.

Зерттеушілердің айтуынша, жас келген сайын көздің ішкі торлы қабығының жасушаларын қоректендіретін тамырлар өле бастайды. Сондай-ақ, 55 жастан асқан адамдардың жартысына жуығының соқыр болып қалуының себебі болатын сары дақтың тозып, бүлінуі басталады.

Ал көк, көгілдір және күлгін диапазондағы жарық аталған бұзушылықтарды айтарлықтай күшейтеді. Себебі, ол торлы қабықтың шалыс түрінің пайда болуына әкеледі.

Дереккөз: Stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.