Тараздық оқушы ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыратын карта әзірледі

0 0

Тараз қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Файми Зуфаров ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыратын карта әзірледі.

Оқушы бұл жобаны бір жыл зерттеп, Жамбыл ауданында тәжірибе жасаған. Картада ауданның 12 елді мекені қамтылып, топырақтың құнарлылығына қарай қандай дақылды егуге болатыны анықталған.

Жас ғалымның ендігі мақсаты — тек аудан ғана емес, облыстың барлық ауылшаруашылық саласындағы жерлерді картаға енгізу. Бұл жер емген шаруалардың мол өнім алуына септігін тигізбек. Оқушының бұл ғылыми жобасы халықаралық Вернадский атындағы жалпы ресейлік жасөспірімдер арасындағы зерттеуде І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Файми Зуфаров, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

— Егер диқан сәбіз егетін болса, argis.com сайтына кіріп, іздеу парақшасына Тараз 95 деп жазуы  қажет. Мысалға ол жерден Пригородное ауылын таңдасаңыз, топырақтың қаншалықты тұзданғаны, қандай ауыр металдар бар және сол ауылға қандай дақылдарды егуге болатыны туралы толық ақпаратты алуына болады.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.