Мойынқұм ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арнайы комиссия құрылды

0 2

Мойынқұм ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде комиссия құрылды. Аталған комиссияның кезекті отырысын аудан әкімі Мәден Мұсаев жүргізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Онда аудандағы егін шаруашылығына байланысты атқарылып отырған жұмыстар айтылып, алдағы атқарылар міндеттер сөз болды.

Отырысқа аудан әкімі тарапынан арнайы шақырылған Алматы қаласындағы «UKAZ group» өсімдіктерді қорғау компаниясының Жамбыл облысы бойынша өкілі Қадыржан Қанаев қатысты. Ол өз тарапынан ауданға биылғы жылы егілетін жүгерінің жоғары, сапалы тұқымын ұсынды. Аудан аталған компаниямен алғаш рет байланыс орнатуына байланысты тұқым қаржысының диқандар алдымен 30 пайызын ғана төлейді.

Сондай-ақ, олар тұқым себуден бастап, оның шығуы, өсіп-жетілуіне дейін өз бақылауларында болатындығын айтып отыр. 140 күндік аталған тұқым дұрыс себіліп, күтім жасалғанда одан мол өнім алынатындығы да сөз болды. Бұл тұқымды көршілес Қордай ауданының диқандары да қолданып, одан мол өнім алып жүргені белгілі.

Бұған дейін диқандарды қолдау мақсатында каналдар тазаланып, сүдігер көтерілсе, енді оларға қажетті тұқымға байланысты келіссөз де жүргізіліп отыр. Сондай-ақ, аудан басшысы егістікке қажетті сеялка, соқа, мала, тырма, өнімді жинап алатын комбайнға дейін дайындық жұмыстарын жасауда.

Аудан әкімі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қызыр Елеусізовке жүгері егетін диқандарға аталған тұқым туралы айтып, олардың тұқым алуларына байланысты дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.