Тараздағы жоғары оқу орнында «Ізгілік» орталығы ашылды

0 0

Бала тәрбиесінің ата-анамен байланысы, отбасы құңдылықтарымен, құқықтарын түсіндіру мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Ізгілік» орталығы ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталмыш шараға университет ректоры Ержан Әмірбекұлы, Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева және Тараз қаласындағы орта білім мекемелерінің ата-ана комитеттерінің төрағалары қатысты.

Шара барысында орталықтың негізгі басты бағыттарын университет ректоры Ержан Әмірбекұлы түсіндіріп өтті.

«Бұл орталықты ашудағы басты мақсатымыз әр қазақтың сапалы өмір сүріп, тәрбиелі азамат болып өсуіне, үлгілі отбасы болып қалыптасуына өз үлесімізді қосу. Тамшыдан тама-тама дария болар, бізде сол дарияға тамшы болып, қазіргі қоғамның дерті болып отырған жағдайлардың алдын алуға, өз үлесімізді қоспақпыз», — деді Ол.

Сонымен қатар, шараға қатысқан қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Қасымқызы өз тарапынан қолдау білдіретінің жеткізіп, осындай бастамалардың қажет екендігін баса айта кетті.

Сондай-ақ, ата-аналар комитеті де өз тараптарынан ризашылықтарын білдіріп, бала тәрбиесінің маңыздылығын ескеріп, болашақта жақсы жемісті жұмыстарды бірге атқаруға атсалысатындарын жеткізіп, ізгі ықыластарын айтты.

Айта кетейік, орталықтың басқосулары әр аптаның сейсенбісі күні сағат 17.00-де бекітілген жоспарға сәйкес, өткізіліп отыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.