Ауған соғысы ардагерлері арасындағы шахматтан қалалық турнир өтті

0 9

«Тараз-Арена» спорт кешенінде Кеңіс әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлері арасындағы шахмат және дойбы спорт түрлерінен қалалық турнирі ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен болған турнирге 10 соғыс ардагері қатысты.

Сондай-ақ, біріншіліктің ашылу салтанатына Ауған соғысының құрметті ардагерлері, және Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қатысты.

Ал турнирдің қорытындысы бойынша шахмат спорт түрінен І орынды Алтынхан Ажиров иеленсе,  ІІ орын Даулет Баймаханбетовке және ІІІ орын Нұрбақыт Сембиевке бұйырды. Сондай-ақ, дойбы спорт түрінен жүлделі  І орын Нұрбақыт Сембиевтің қанжығасына байланды. ІІ орынды Алихан Маралов алса,  ІІІ орын Дүкунбай Ермековке бұйырды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.

Авторы: Жазира Ережепбаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.