Жамбыл облысында маунтинбайк спорт түрінен ҚР кубогі өтті

0 0

Бүгін Тараз қаласында маунтинбайк спорт түрінен Қазақстан Республикасының кубогі өтіп жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған жарысқа республиканың барлық облыстарынан келген құрама командалары қатысуда.

— Бұл спорт түріне 15 жасымнан бастап қатысып келемін. Қазіргі уақытта спорт шеберімін, Республика чемпионы атағын иелендім. Тап осы  жарыс Италияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу болғандықтан үздіктер қатарынан көріну керекпін, — дейді Талдықорған қаласынан келген спортшы Сұлтан Нұршат.

Сондай-ақ, 14 шақырымдық жолды ерлер 4 айналымда жүріп өтсе, әйелдер 2 айналыммен шектелді. Жарыста арнайы іріктеуден өткен  24 спортшы бақ сынасып, үздіктердің үздігі арнайы кубокпен марапатталады.

— Марафон Жамбыл ауданына қарасты Ақбұлым ауылында өтуі тегін емес. Спортшылар жүріп өтетін таулы жол екі жыл бұрын ашылып, арнайы комиссияның шешімімен жарамды деп табылды. 2020 жылы Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындарына да осы тау жолы дайындық алаңы ретінде қойылып жатыр, — дейді бас төреші Владимир Дзабаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.