Өңірдің бас прокуроры түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерді қабылдады

0 7

Жамбыл облысының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Жарқын Құсайынов Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЖД 158/7 мекемесінде жазасын өтеушілерге қабылдау өткізді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Кездесу барысында 7 сотталушы көкейкесті сұрақтарын күйттеп, сауалдарына тұщымды жауап ала алды. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі уақыттынан бұрын бостандыққа шығудың тиімді жолдары, жеңілдіктер болды.

Ал бірнеше сотталушы оқшаулы мекемеде қол қусырып отырып қана қоймай, еңбек етуге мүдделі. Осы мақсатта жеке кәсіп ашу жолында қандай мүмкіндіктер барын білгісі келеді. Тиісті билік өкілін бизнес ашуға жоспарланған жобалармен таныстырып, алда атқарылар тірліктерді тиянақтап берді. Айтылған уәждердің ішінде ұтымдысы да бар. Сондықтан өңірдің бас прокуроры барлық талап-тілектерді жіті тыңдап, құқықтық тұрғыда мүмкіндігінше көмек көрсетуді уәде етті.

Кездесу соңында облыс прокуроры мекеменің жұмыс барысын назарға алып, түзеу орнындағы жағдайдың жәй-жапсарына қаныға түсті. Келешекте осы тектес басқосулар жиі болатындығын  алға тартты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.