Жамбылдық полицейлер Наурыз мерекесін атап өтті

0 6

Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшы және жеке құрамы «Наурыз-ынтымақ, бірлік  мерекесі»  атты жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған Наурыз мейрамын атап өтті, — деп xабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Департаменттің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы  Гүлсара Мұхтарқұлова жиналған қауымды мерекемен құттықтады:

— Наурызмемлекетті бекем ететін мейрам. Наурыз — имандылықтың, ақыл-ойдың, байсалдыжаңаның мейрамы, ерлік пен бірліктің, жарқын жасампаздықтың, адамды ұлты мен нәсіліне, тілімен дініне бөлмейтін, келісім мен кешірімге бой ұсынған жалпыхалықтық  ізгі  мерекедей келе, бірлігіміз бен берекеміз арта берсін, Ұлыстың ұлы мейрамы құтты болсын, — деді Ол.

Аталған бөлімнің мамандары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтумен қатар, осы Наурыз мерекесін де айшықтап, өзіндік үлес қосуда. Бұл жолы мекемедегі қазақ тілі курсының тыңдаушыларымен бірлесіп, достық пен жаңаруды дәріптейтін «Наурыз – ынтымақ, бірлік мерекесі!» тақырыбындағы сахналық көрініс көпшілік көңілінен шықты.  

ПД медициналық бөлімінің эпидемиолог дәрігері Құрманғазы Керімбаев қазақтың қонақжай қариясының образын шынайы көрсетті.

«Жомарт адам дос көбейтеді» дегендей оның тату көршілерінің   дархан пейілін ерекше ашып көрсете білген ПД Штабының аға инспекторы   полиция подполковнигі Евгений Штепенко, ПД музейінің меңгерушісі Гульчехра Зияутдинова, ПД ӘПБ инспекторы полиция майоры АнжеликаПронина, Тараз қаласы ПБ қызметкерлері  полиция лейтенанты Фурхат Кадыров, полиция капитаны Арман Токбергенов, полиция капитаны РашидМамедов, ПД ТҚБ  технигі полиция аға сержанты Диана Борозенцева әріптестерінің  ризашылығына бөленді.

Сондай-ақ, мерекелік кеште өнерлі жастардың орындауындағы әсем ән-жырлар кештің көркін келтіріп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қызметкерлер күнделікті қызметте біліктілігін танытып қана қоймай, көктемгі той-думанға белсенді қатысып, мерекені шын жүректен және ұйымшылдықпен  қарсы алды.

Шара соңында  молшылықтың белгісіндей ақ дастархан жайылып,  наурыздың басты дәмі наурыз көже таратылды. Осындай мазмұнды әрі танымды  іс-шаралар  алдағы уақытта да жарасымды жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.