Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

0 1

Бүгін Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «Алтын жұлдыз» орденімен марапаттап, «Халық қаһарманы» атағы берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің ҚР Президенті қызметімдегі бірінші шешімім  «ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы»  Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы атағын беремін», — деді Қ.Тоқаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.