Жамбылдық жастар марафон ұйымдастырды

0 0

Бүгін Таразда «Жастар марафоны» өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпарат Агенттігі.

Жастар жылы аясында өткізілген марафон Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінен басталып, ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін жалғасты.

— Жастар жылының салтанатты ашылуын, еліміздің астанасы — Нұр-Сұлтан болып өзгеруін, елдегі болып жатқан барлық өзгерістер мен жобаларды қолдау мақсатында марафон ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі марафонға 800 білімгер және 200 тәлімгер қатысуда, — дейді осы іс-шараны ұйымдастырып отырған ТарМПУ ректоры Ержан Әмірбекұлы.

Сондай-ақ, шара барысында университеттің профессор — оқытушылар құрамы және белсенді білімгерлер сөз сөйледі.

Тағы бір жаңалық. Марафон соңында ҚР Тұңғыш Президент саябағында Жастар жылына арналған «Бастау» жинағының тұсаукесері мен Тараз қаласындағы тарихи орындарға танымдық, студенттік туризм жобасының ашылу салтанаты өткізілді.

Бұл жобаны жасай отырып, тарихи өлкенің киелі, қасиетті жерлерін аралау арқылы жастардың бойына патриоттық сезімді оятуды көзделуде. Сондай-ақ, «Бастау» жинағына Тараз мемлекеттік педогогикалық университетінің белсенді жастары туралы мәлімет енгізілген. Оқу орыны осындай жобалар арқылы Жастар жылында жастарға қолдау көрсетуді мақсат етіп отыр.

Марафоннан соң университеттің белсенді жастары Тараздың тарихи орындары мен Ақыртас кешеніне жол тартты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.