Таразда жедел жәрдем көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты

0 4

Бүгін Тараз қаласында «Газель-32214» жедел жәрдем көлігі мен «DONG FENG» жолаушылар автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Соқтығысу салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып, жол жиегіне шығып қалған.

Оқиға салдарынан автобус жолаушыларының бірі және үш жедел жәрдем жолаушысы жарақат алды.

Барлық зардап шеккендер облыс орталығындағы медициналық ұйымдарға жүгінді.

Осы факті бойынша тиісті тексерулер тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.