Мәдениет қызметкерлері арасында кіші футболдан турнир өтті

0 4

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен басқармаға қарасты мекемелер арасында «Спорт-денсаулық кепілі!» атты кіші футболдан турнир өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған спорттық іс-шара әр жылдың 21 мамыр яғни, мәдениет қызметкерлерінің күні қарсаңында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Жылда өткізіліп жүрген жарыстың негізгі мақсаты — мәдениет қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және осы сала қызметкерлерін спортпен жүйелі түрде шұғылдануға жұмылдыру болғандықтан, соңғы уақытта мәдениеттің жігіттері де спорттық белестерден аз көрініп жүрген жоқ.

Жарыс барысында мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Зубайра Сембина қатысушыларды алда келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап, бүгінгі жарысқа сәттілік тілеп, жарысты салтанатты түрде ашып берді.

Мәдениет басқармасына қарасты мекемелерден 5 команда жасақталып, жасыл алаңда өз бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша І-орынды Жамбыл облыстық қазақ драма театры жеңіп алды. ІІ-орынды Облыстық халық шығармашылығы орталығының жігіттері жеңіп алса, ІІІ-орының жүлдесін Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің командасы қанжығасына байлады. Бұл командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ал қалған қатысқан командаларға басқарма басшысының орынбасары Зубайра Сембина мәдениет басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.