Жамбыл облысы полиция департаментінің музейінде ашық есік күні өтті

0 1

Халықаралық музейлер күні қарсаңында жамбыл облысының полиция департаментінің музейінде ашық есік күні өтті. Әр жастағы қала тұрғындары үшін музей өз есігін айқара ашты,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл күні полицияға көмек көрсету мақсатында құрылған М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы запастағы полковник Н. Егізеков бастаған облыстағы «Бүркіт» студенттік жасағының мүшелері, ЖОО оқытушылары және қарапайым адамдар музей қонақтары болды.

Оларға арнап Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі туралы толыққанды бейнефильм көрсетілді.

Айта кетерлігі, Жамбыл облысының Полиция департаментінің музейі 10 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының 25 жылдық мерейтойына орай 2017 жылдың 23 маусымында Қазақстан полициясы күні осындай маңызды күннің құрметіне қайта жаңартылған музейдің салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын.

Қазіргі уақытта музей аумағы- 330 шаршы метр, экспозициялық және кинозалы бар, онда Жамбыл облыстық полициясының тарихи қалыптасуы және кәсіби қызметінен сыр шертетін 1000-нан астам түрлі экспонаттар қойылған.

Экспозициялық залда «Керей және Жәнібек хандар- Қазақ хандығының негізін қалаушылар», «Қазақ хандығының батырлары», «Мемлекетттік рәміздер мен ҚР Конституциясы», «Жамбыл облысының ІІО генералдары», «Кеңес Одағының Батырлары,ҰОС және кеңес милициясының ардагерлері — Александр Фёдорович Петров пен Бауыржан Момышұлы» және т.б. стенділер мен витраждар келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Музейдің барлық экспонаттары ішінен келген қонақтар учаскелік милиционерлер мен мемлекеттік көлік инспекциясының қызметкерлері жолсыз және таулы өлкелерді шарлап жүріп қылмыскерлерді ұстаған раритеттік коллекциядағы үсті ашық 1952 жылы шыққан «ГАЗ-69» автокөлігі мен 1940 жылғы үлгідегі «Урал» мотоцикліне, экономикалық қылмыстарды ашу үшін қолданған калькуляторды алмастырған механикалық есеп машинасына, оқиға орнына шыққан криминалистердің кассеталық қол кинокамерасына және фотоқаруына, 1944 жылы шыққан олжаға немістерден алынған жазу машинасына және тағы басқа да заттарға ерекше назар аударды. Сондай-ақ музыкалық құнды зат Ұлы Отан соғысының және Жамбыл облысы милициясының ардагері Петр Павлович Вербицкийге 1950 жылы бірнеше ауыр қылмыстарды ашқаны үшін бағалы сыйлық ретінде берілген, 60 жылдан астам тарихы бар ескі патефон келушілердің қызығушылығын тудырды.

Музей ашылғаннан бері мұнда 5 000 – нан астам адам келді, оның жартысынан астамы- жас буын өкілдері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.