«Жамбыл–адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық сот қызметкерлері сауалдарға жауап берді

0 1

«Жамбыл–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде Жамбыл облыстық азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апеляциялық сот алқасының төрағасы Ж.Рүстембеков пен Тараз қалалық сотының төрағасы А.Мадимаровтың азаматтарды қабылдауы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қабылдауды арнайы мониторингтік топ мүшесі Ихтияр Мырзахметов жүргізіп, сауалдарды сала мамандарына Фейсбук желісінің тікелей эфирінде қойды.

Жиында Ж.Рүстембеков соттың атқаратын жалпы жұмысына тоқталып, судья қызметіне 30 жастан жоғары, заңгер мамандығымен сот саласында 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар азаматтың бола алатынына және жұмыс өтіліне байланысты 400 мың теңгеге дейін айлық алатындарын айтты.

Азаматтық қабылдауға қала тұрғыны Алмас Тазабеков қатысып, сот залындағы аудио, видео жазбалары жұмыс істемей қалған жағдайда, қайта сот отырысын өткізу керектігі жайлы ұсынысын айтты. Және өз ісі бойынша наразылығына сот қызметкерлері өтініш хатпен шығуын, іспен танысып барып, ақпарат беретіндерін жеткізді.

«Жамбыл–адалдық алаңы» жоба қызметкерлері көтерілген мәселерді өз бақылауында ұстап, халықты алдағы уақытта толық ақпараттармен қамтамасыз етіп отыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.