Жуалы ауданында «Рухани қазына-2019» Республикалық байқауы өтті

0 5

Жуалы ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «Рухани қазына-2019» Республикалық байқауы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталмыш байқауға Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мелдеханова Айжан Байқадамқызы қатысып, арнайы Алғыс хатпен және «Рухани Қазына-2019» Республикалық фестивалінің аясында арнайы Сертификат және кітапхана ісінің шебері төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты аудан әкімі Н.Ергебеков тапсыра отырып, аудан кітапханашыларының еселі еңбектерін ерекше атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.