Тараздағы“Қарасу 5” мөлтек ауданында өрт орын алды

0 6

Тараз қаласы, «Қарасу 5» мөлтек ауданы 18-үйдің шатырындағы өрт 19:30 кешінде шыққан. Жамбыл облысының Төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіне дабыл қоңырауы 19:34-те түсті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

https://www.instagram.com/p/ByF02FDF9X-/?igshid=2u8kvj9ritiv

Қызыл жалынды ауыздықтауға 14 техника, 62 өрт сөндіру қызметінің маманы жұмылдырылған. 171 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, оның 42-і балалар.Кешкі сағат 20.50-де өрттің өзге аймақтарға қауіп төндіруі тоқтатылып, толық бақылауға алынды.

Жергілікті атқарушы органдардың дереу әрекет ету жұмыстарының нәтижесінде өрт шыққан үйдің тұрғындары жақын маңдағы екі мектепке көшірілуде. Тұрғындар ыстық тамақпен қамтылатын болады.

Аталған оқиғаға байланысты жедел штаб тобы құрылып, тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 8 (7262) 51 35 75 нөмірі бойынша қауырт желі іске қосылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.