Жамбыл облысында «Әулиеата бояулары» халық шығармашылығы фестивалі өтуде

0 1

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы,облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Әулиеата бояулары» І- халық шығармашылығы фестивалі өтуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Фестивальдің барысы екі кезеңнен тұрады. І-кезең 31-мамыр мен 6-маусым аралығын қамтиды.Алдымен, ұйымдастырушылар келген қонақтарға қаланың тарихи-мәдени орындарын аралатып, экскурсия жасатты. Экскурсия барысында суретшілер өздеріне ұнаған, шығармаларына арқау болатын орындарды таңдап отырды.

Фестивалдің бірінші кезеңі аясында қатысушылар өздері таңдаған орындарын бейнелей бастады. Олар Қараһан – Баба, Айша бибі, Ақыртас қалашығы, Көне Тараз тарихи-мәдени орыны және Жеңіс саябағы секілді көрнекті орындарды таңдаған.
Қылқалам шеберлері алдағы күндері аудандарға сапар шегіп, өздеріне берілген аумақтардың келбетін кескіндейді.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарынан келген қатысушылар екі шығармадан, Тараздың табиғаты мен тарихи-мәдени орындары бейнеленген жалпы саны 40 картина салады.

Ал,екінші кезең 7-маусым күні өтеді. Осы күні іс-шараның салтанатты жабылуы, марапаттау рәсімімен қатар, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында ашық аспан астындағы көрме ұйымдастырылып, пленэрге қатысушы суретшілердің шығармалары мен өлкемізге белгілі қолөнер шеберлерінің және фотосуретшілердің тың туындылары қойылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.