Жамбыл облысында полиция қызметкерлерін шығарып салу рәсімі өтті

0 15

Полиция қызметкерлерін салтанатты түрде зейнеткерлік демалысына шығарып салу  рәсімі өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласының ПБ ардагерлер ұйымының төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин отставкадағы полиция подполковнигі Мұрат Мақұлбекұлы Нұрхановты, отставкадағы полиция подполковнигі Нұрланбек Әбдіманапұлы Байтасовты және  полиция майоры Назира Ермекқызы Қапашеваны зейнетке шығуымен құттықтады.

Осындай айтулы күндегі салтанатты рәсімде өткен зейнеткерлікке шығарып салу кешінде ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы адал және мінсіз қызмет атқарған аға әріптестерін бөлім басшылары мен жас қызметкерлер құттықтап, мінсіз қызмет атқарғаны үшін алғыстарын білдіріп, ілтипатты сөздер айтты, сондай-ақ олардың бай кәсіби тәжірибелерімен бөлісетіндеріне сенім білдірді.

Еңбек демалысына шыққан қызметкерлерге Тараз қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Ардақ Мадимаровтың атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.