Таразда түнгі рейд барысында 43 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді

0 16

Таразда кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты кешкі-түнгі рейд шарасы барысында 43 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді, —  деп хабарлайды «ZhambylNews»  АА ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Тараз қаласында 1-5 маусым аралығында  «құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы өтті. Шара барысында кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды тұлғаның еріп жүруінсіз жасөспірімдердің көшеде және түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында болуын бақылау мақсаттарында кешкі-түнгі рейдтер жүргізілді.

«Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция қызметкерлері түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындары, интернет-кафелер, мейрамханалар, барлар, ойын клубтарына тескерістер жүргізді. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде заңды тұлғаның еріп жүруінсіз көңіл көтеріп жүрген  43 жасөспірім анықталып, Тараз қаласының полиция бөліміне жеткізілді», — делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, кешкі-түнгі рейд барысында кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін өткізбеу жөніндегі ҚР талаптарын бұзған  екі ойын клубы мен екі жеке кәсіпкер-дүкен иелері анықталып, жауапқа тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.