Таразда халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті

0 9

Таразда «Fast Track-Cardiosurgery» халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл туралы  Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау бақармасының баспасөз орталығы мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тараз қаласындағы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында 5-7 маусым аралығында Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Германия және Австрия кардиохирургтарының басын қосқан «FastTrack-Cardiosurgery» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті.

3 күндік іс-шара «ҚР Жүрек-қантамырлары хирургтері Ассоциясының» президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, республикалық балалар кардиохирургиясының атасы Сейтхан Жошыбаевтың 80 жылдығына арналды.

Конференция тақырыбы – «Fast Track — Cardiosurgery» — кездейсоқ таңдалмаған. Көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, ота жасалған науқастың ағзасы стресстік реакцияларға ұшырайды, сондықтан анестезиядан кейінгі ояну, қайта қалыпқа келу өте көп уақытты алады. Fast Track тұжырымдамасы хирургиялық араласудан кейін ағзаны тезірек қалпына келтіруге бағытталған.

Үш күн бойы шетелдік мамандар күрделі операциялар арқылы өздерінің тәжірибелік істерімен бөлісті. Осылайша, 5 маусымда кішкентай тілік жасау арқылы тамырлардың зақымдануы кезінде миокардты реваскуляризациялау отасы сәтті өтті. Шеберлік сыныбын Украинаның Киев қаласындағы Добробут клиникасының профессоры Александр Бабляк бастаған кардиохирургтер бригадасы өткізді.

Келесі күні «Жүрекше аралық қалқаның ақауын торакоскопиялық жабу» операциясын Тараздық Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының кардиохирургы Икромжон Мухамедов бастаған бір топ дәрігерлер жасап шықты.

Үшінші күні 3D форматындағы митральді ақауларды торакоскопиялық түзету операциясын профессор Людвиг Мюллер (Инсбурк қ., Австрия) жүргізді.

7 маусым күні конференцияның салтанатты ашылу рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Асқар Хорошаш сынды құрметті қонақтар қатысты.

Құттықтау сөздерінде облыс және қала басшылары өңірлік медицинаның, соның ішінде кардиологиялық қызметтің жетістіктерін атап өтті. Олар облыс тұрғындарына жоғары мамандандырылған кардиология, кардиохирургия және интервенциялық кардиология аясында дерті асқынған науқастарға хирургиялық араласулар жасап, мүмкіндігінше тұрғындардың өмір жасын ұзартуға, өлім, мүгедектік көрсеткіштеріне жол бермеу жолында тер төгіп келе жатқан «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының» бұл бағытта атқарып отырған қызметіне айрықша құрмет көрсетті және Қазақстан жүрек-қан тамырлары хирургтері қауымдастығының президенті, профессор Сейітхан Жошыбаевты 80 жасқа толған мерей тойыымен құттықтады.

Өз кезегінде Асқар Хорошаш Fast Track – Cardiosurgery жаңа бағыты бүгінде уақыт талабы болып табылатынын және Қазақстанда жаңа мемлекеттік бағдарламаның әзірленіп жатқандығын, оның аясында кардиохирургияда да үлкен өзгерістер болатынын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.