Таразда республикалық жарыс өтуде

0 7

Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру республикалық жарысының ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жарысқа облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы жарыс кезеңдерінің жеңімпазы атанған 160 үміткер қатысуда.

Жарыс радиомен басқарылатын авто модельдер, автотрассалық модельдер, әуе модельдері, кеме модельдері, зымыран модельдерінің кластары бойынша жүргізілуде.

Сайыс соңында «Үздік өнертапқыш», «Алтын зымыран», «Үздік техник», «Үздік кеме құрастырушы», «Үздік көлік құрастырушы», «Үздік әуе модельдеуші» номинациялары бойынша үздік қатысушылар анықталатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.