«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейі көрмелерін ұйымдастыруды бастады

0
13

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі бүгінгі күннен бастап мектепшілік жаздық лагерьлердің басталуына орай қалалық мектептерге жылжымалы көрмелер ұйымдастыруын бастады, – “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Атап айтқанда тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №1 мектеп гимназиясында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Тараз көпестер қаласы» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге 2000 жылдық тарихы бар Тараз қалашығынан археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған құнды жәдігерлер және Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласына арналған постерлер қойылды.

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат: өскелең ұрпақты өлке тарихымен тереңірек таныстыра отырып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Қазақстан тарихына деген қызығушылығын ояту, ұлттық құндылықтарымыз бен рухани қазынамызды насихаттау болып табылады.

Көрмеге түрлі жәдігерлер қойылды. Оның ішінде: әртүрлі кезеңдегі мыс (фельс) монеталары (түргеш, қарахан тиындары), қола бұйымдары (шырағдан бөліктері, белдік бөліктері, зооморфты түрдегі бұйымдар және сиясауыт), моншақтар, қыш бұйымдары (шырағдандар, сфераконустар, құмыралар, тағара, жинақ сандықшалары және су құбырлары) бар. 

Сонымен қатар, Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласына арналған стендпен таныстырылады.

«Ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу мақсатында және де балғындарды жәдігерлермен жете таныстыру үшін оларға арнайы сұрақтар да қойылды.

Жылжымалы көрме қалалық мектептер әлі де жалғасын табады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here