Тараз қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті

0 29

2019 жылдың 13 маусым күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спартакиаданың жалпы басшылығын ҚР Мемлекеттік қызмкет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүргізді.

Спартакиада спорттың 8 түрінен өткізілді. Атап айтқанда кіші футбол, үстел теннисі, жүзу, армрестлинг, гір көтеру, шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы.

Спартакиаданың мақсаты – Мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерi арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысуға тарту, саламатты өмiр салтын насихаттау және қызметкерлер арасында спорт арқылы достық қатынасты орнату.

Спартакиадаға облыстық әкімі аппаратының, Тараз қаласы мен аудандар әкімдігінің, сонымен қатар облыстық басқармалар мен департаментердің 35 құрама командаларынан 700-ге жуық мемлекеттік қызметші-спортшы қатысты.

Жалпы командалық есепте жарыс нәтижесі төмендегідей:

І орын – Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің құрама командасы иеленсе, ал ІІ орын – Талас ауданы құрама командасына, сонымен қатар ІІІ орын – Т.Рысқұлов ауданы құрама командасына бұйырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.