Жамбыл ауданының әкімі білім саласының қызметкерлерін қабылдады

0 5

Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Алпысбайұлы облыс әкімінің № 70 өкіміне сәйкес әкімдіктің кіші мәжіліс залында білім саласының қызметкерлерін қабылдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қабылдауда аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова бастаған мектеп директорлары және балабақша меңгерушілері мен ұстаздар білім беру ошақтарының қажеттіліктерін тізіп айтты. М. Төлебаев атындағы музыка мектебі өнер мектебі деп өзгертілсе, бөбекжайлар ойын алаңымен жабдықталса, робота техника кабинеттері ашылса, интерактивті тақталар орнатылса деп өтініштерін білдірді.

Өңір басшысы Бақыт Қазанбасов білім қызметкерлерінің ұсыныс- тілектерін мұқият тыңдап, жиында көтерілген мәселер оң шешімін табатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.