Таразда «Қазақстанның үздік тауары -2019» өңірлік көрме-байқауы өтті

0 0

Тараз қаласында бүгін Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен  «Қазақстанның үздік тауары -2018» өңірлік көрме-байқауы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Отандық тауарлардың сапасын жақсарту, нарықты бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыру мақсатын ұстанған байқау «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар», «Халыққа арналған ең үздік тауарлар», «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша өтті. Сондай-ақ, іс-шараға Жамбыл облысының 93 кәсіпорны байқауға қатысты.

Қатысушы кәсіпорындар өнімін бағалайтын сарапшы топ құрамында Жамбыл облысы кәсіпркерлер палатасының,  «НаЦЭкС» АҚ ЖФ, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Жамбыл облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық бөлімі, «Нұр Отан» ХДП мамандары шағын және орта бизнес жұмысшыларының облыстық комитет кәсіподағы бар.

Сонымен қатар, «Қазақстанның үздік тауары -2019» өңірлік көрме-байқауында өндірістік, киім-кешек, жиһаз өнімдері және тағы басқа да тауарлардың түрі көпшілік назарына  ұсынылды.

Байқаудан соң отандық тауарөндірушілердің өнімдерін нарық бағасын төмен бағада сатылды.

Айта кетейік, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы аясында Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкер әйелдердің шағын байқауы өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.