Таразда Арыс қаласында болған оқиғаға байланысты гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылды

0 0

Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындар мен олардың туыстарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Тараз қаласында арнайы пункт ашылды,- деп xабарлайды «ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Аталған пунктке еріктілер гигиеналық заттар, консервілер, дәнді дақылдар мен макарон өнімдері және жеміс жидектер, су, балаларға арналған киімдер мен көрпе және көрпешелер тапсыра алады.

Көмек көрсету пункті Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №1 , «Нұр Отан» партиясы ғимаратында орналасқан.

Көмек көрсетуге ниетті тұрғындар төмендегі жауапты тұлғаларға хабарласа алады:
87072728591 Уалихан
87077339934 Бақкелді
8702633993

Айта кетейік, мұнан өзге қосымша қабылдау бекеттері Төле би көшесі 74 «Б» ,
Ленин көшесі 97 «А» ,
Бәйдібек би көшесі 1 «Б» мекенжайларында орналасқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.