Асқар Мырзахметов Байзақ ауданында жұмыс сапарымен болды

0 1

Өңірде бекітілген алгоритмге сай атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында, облыс әкімі Асқар Мырзахметов Байзақ ауданында жұмыс сапарымен болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өңір басшысы алдымен Қызыл жұлдыз ауылдық округінің тұрғындармен бетпе-бет жүздесті. Бұдан кейін округтегі ауылдық клубта шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы ауылдықтардың әлеуетін арттырудың басты бағыттарына тоқталды.

Еркін форматтағы кездесуде Асқар Исабекұлы тұрғындарға тиімді табыс көзіне бейімделудің негізгі тетіктері мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы, қосалқы шаруашылықтар жөнінде қарапайым тілде түсіндіріп өтті.

Жұмыс сапарын қорытындылап, аудан активімен жиын өткізілді. Жиында ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, арнайы келген жұмыс тобы мүшелерінің елдімекендердегі зерделеу шараларының қорытындысы баяндалды.

Кездесу соңында көтерілген барлық мәселелер ескерусіз қалмайтынын айтқан өңір басшысы тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, үстіміздегі жылдың оныншы шілдесіне дейін мерзім берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.